Ақтауда «Кітап керуені» көрме-жәрмеңкесі өтті
Ақтауда «Кітап керуені» республикалық көрме-жәрмеңкесі өтті.
Танымдық шарада оқырмандар қазақ ақын-жазушыларының жаңа туындыларымен танысып,
авторлармен еркін форматта пікір алмасты. Сонымен қатар заманауи дизайнда қайта
басылған классикалық шығармаларды қолжетімді бағада сатып алуға мүмкіндік алды.
Көрме-жәрмеңке Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында
ұйымдастырылды. Екі күнге жалғасқан шараға еліміздің жетекші баспалары қатысты.
Жиын барысында қаламгерлер қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуы мен болашағы
туралы ой бөлісіп, кітапханаға оқырман тарту мәселесін талқылады. Айта кетейік,
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру
жөніндегі шаралар туралы»
Жарлыққа қол қойды. Сондықтан мұндай танымдық жобалардың
қоғам үшін маңызы зор, - дейді ұйымдастырушылар.
Роза Мұқанова, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері:
Жазушылар мен оқырмандарды кездестіру ерекше сәт болып тұр. Өйткені, Мемлекет басшысының саясаты – «кітап оқу керек», «кітаппен ғана өсіп-өркендейміз, санамызды өзгерте аламыз». Кітап оқымаған адам ойлай алмайды, өзгені артына ерте алмайды, ақыл айта да айта алмайды. Баласын тәрбиелей алмайды. Біз бүгінгі айтып отырған тақырыбымыз осы маңайда болып отыр.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup 2026 кестесі
02.07.2026, 20:30
Халықтық Конституция - тұрақты дамудың кепілі
02.07.2026, 20:16
Ізгілік акциясы: Кімдерге рақымшылық жасалады?
02.07.2026, 20:15
Борышкерлерге барлық қарыз үшін бір төлем кестесі жасалады
02.07.2026, 20:07
Әлем жаңалықтарына шолу
02.07.2026, 20:05
Президент бірқатар кездесу өткізді
02.07.2026, 20:05
Инвесторлар серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі
02.07.2026, 20:05
Global Businesswomen Council ұйымының IV отырысы өтті
02.07.2026, 20:03