Түркістан облысының Тасты ауылы қайта түледі
Түркістан облысының төскейінде орналасқан Тасты ауылы соңғы бірнеше жылдың ішінде қайта түледі. Шалғайдағы елді мекеннің халқы шаруашылықпен айналысып, іргедегі өндірісте жұмыс істейді. 80 жылдық тарихы бар Тасты ауылында дәстүр мен өнерді насихаттаған тағылымды той өтті.
Шу
өзенінің бойында орналасқан Тасты ауылы 1946 жылы қаракөл қойын өсіру
мақсатында құрылған. Кейін кеңшар үлкейіп, бүгінде үш мыңға тарта халқы бар
ауылдық округке айналған. Облыс орталығынан шалғай жатса да жолдары тақтайдай. Ауылдан шыққан азаматтар
спорт кешенін салған, балалар
спортпен шұғылданады. Ал, жастар жағы
ауыл іргесіндегі уран өндіретін кен орындарында жұмыс
істейді.
Мұхит Тұрысбеков, Созақ ауданының әкімі:
Тасты бұрын мал шаруашылығымен айналысып келген болса, қазір үлкен өндірісті ауыл. Көшелері асфальттанған, көше жарығы жүз пайыз. Осы келгелі бері мәдениет үйін салып бердік. Былтыр футбол алаңын салдық. Мал шаруашылығын дамытуға да жайылымы көп.
Тастының тұрғындарына осы ауылдан
шыққан азаматтар үнемі қол ұшын береді. Осы жолы да елдің мерейін асқақтатып, дүбірлі
думанды өткізуге солар демеу болған.
Ал айтыс аламанында аузы дуалы айтыс ақындары сөзден маржан теріп, көрерменге
ерекше көңіл күй сыйлады. Елдік пен бірлікті арқау еткен от ауыз орақ тілді
ақындардың жырлары жұртшылықты бір серпілтіп тастады.
Бақытжан Талдыбаев, Тасты ауылының тұрғыны:
Келешек – жастар дейді, жастарымызға үлгі тәрбие болып жатыр мынау. Тойымыз тойға ұласа берсін. Барлық жерде осындай той бола берсін. Сондай қуаныштамыз.
Мереке ұлттық ойындармен жалғасып, «Созақ Барысы»
бәсекесінің жеңімпазы анықталды. Ауыл шетіндегі атшабарда қыз қуу, теңге ілу
және 3 шақырымдық түйе жарысы ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Сонымен
қатар бәйгеде
дара шапқан тұлпарлардың иелері су жаңа автокөліктерге ие болды.
Ал кешкісін 80 жылдық мерейтой қазақстандық өнер жұлдыздарының гала-концертімен
қорытындыланды. Сахнада өнер көрсеткен Сәкен Майғазиев, Досымжан Таңатаров,
Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі бастаған әншілер көпшілікке көтеріңкі көңіл күй
сыйлады. Мерекелік шара соңы отшашуға ұласты.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қалбатауда спорт пен мәдениет мерекесі өтті
18.05.2026, 17:35
М.Ысқақованың кітабы ЖИ көмегімен қайта шықты
18.05.2026, 17:30
АҚШ-та Мұхтар Мағауин орталығы ашылды
18.05.2026, 17:27
Ақтауда «Кітап керуені» көрме-жәрмеңке өтті
18.05.2026, 17:25
Олжас Сүлейменов тоқсанға толды
18.05.2026, 17:22
Елімізде 64 мәдени нысан салынып жатыр
18.05.2026, 17:20
Әйел саясаткерлерді арнайы оқыта бастады
18.05.2026, 17:15
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 17:13