Басты Жаңалықтар Олжас Сүлейменов тоқсанға толды

Олжас Сүлейменов тоқсанға толды

Бүгін сөз өнерінің саңлағы Олжас Сүлейменов 90 жасқа толды. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатын жолдады.

Ел Президентінің хатында «Сіз Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де көрнекті ақын, терең ойлы қаламгер әрі беделді қоғам қайраткері ретінде сый-құрметке ие болдыңыз. Сіздің гуманистік идеяларыңыз ұлттық мәдениет пен қоғамдық-саяси ойдың асыл мұрасына айналып, әлемге кеңінен танылды. Бірегей шығармашылығыңыз арқылы қазақ халқының тарихи санасының жаңғыруына өлшеусіз үлес қостыңыз», -делінген. Олжас Сүлейменов – тек ақын емес, ойшыл, дипломат, қоғам қайраткері. Оның шығармалары қазақ әдебиетін әлемге танытып, ұлттық сөз өнерінің жаңа биігін қалыптастырды. Ол қоғамдағы маңызды мәселелерге үн қатып, ел руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.


Бөлісу