Ақтауда «Қазақ-неміс инжиниринг институты» құрылады
Ақтауда «Қазақ-неміс инжиниринг институты» құрылады. Оқу орны қыркүйекте алғашқы 50 студентті қабылдайды. Олар логистика және энергетика мамандығы бойынша білім алады. Ал 2030 жылға дейін 1 мың студентті оқытып, облыстағы жасыл сутегі зауытына маман дайындап шығару жоспарда бар. Қазақстан мен Германияның бірлескен жобасы – Есенов университетінің базасында жүзеге асырылады. Дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Осыған орай, білім ордасында «Маңғыстаудың тұрақты дамуының инженерлік бағыттағы – Қазақ-Неміс серіктестігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Тараптар неміс тәжірибесіне сүйене отырып, өңір экономикасына қажетті «инженерия» мамандарын даярлаудың тетіктерін талқылады.
Берік Ахметов: «Yessenov university» президенті:
Алдымен екі мамандықтан бастаймыз. Кейін жоспарда 13 мамандық ашу тұр. Ең басты мақсат Германияда қойылатын стандарттарды енгізу. Бұл жоба, әрі қарай тек Маңғыстау облысы емес, бүкіл Қазақстанға өзінің эффектісін береді деп ойлаймын.
Волрад Роммель, Қазақ-Неміс университетінің президенті:
Студенттер арнайы комиссия арқылы қабылданады. Ағылшын тілін өте жақсы меңгергендерге басымдық берілмек. Неміс тілін де оқытамыз. Алғашқы екі жылда Германияда дайындықтан өткен жергілікті оқытушылар, кейін өзіміздің профессорлар дәріс беретін болады. Сондай-ақ студенттер Германияның кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы сексуалдық қысым: Жасырын және жарияланбайтын мәселе
28.04.2026, 21:45
Қызға қол көтерген жігіт ұсталды
28.04.2026, 20:58
Бала қауіпсіздігі - басты назарда
28.04.2026, 20:55
Тұрақ тәртібін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау басталды
28.04.2026, 20:54
Qostanai tech ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді
28.04.2026, 20:53
Бірлік түбі – береке
28.04.2026, 20:52
Зейнеткерлер ойын алаңын күтіп ұстап отыр
28.04.2026, 20:49
2 мың оқушы бір мезетте әртүрлі аспаппен «Алтын ұя» күйін орындады
28.04.2026, 20:48