Оралда құтқарушыларға 30 арнайы техника табыс етілді
Төтенше жағдай қызметінің 30 жылдығына орай Оралда құтқарушыларға 30 арнайы техника салтанатты түрде табыс етілді. Оның ішінде суда құтқару жасағына арналған бір катер мен 19 өрт сөндіру техникасы, он жол талғамайтын жеңіл көлік бар. Өңірге жұмыс сапарымен барған Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құтқарушылар автопаркі жылдан жылға жаңарып келе жатқанын атап өтті. Техника аймақтың ерекшелігі мен қызмет қажеттілігіне қарай таңдалған. Бұл табиғи әрі техногендік апаттар кезінде қызметкерлердің жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Асхат Серікқалиев, БҚО ТЖД басқармасының аға инженері:
Көліктердің барлығы алдағы жұмыстарымызға, өрт пен апатты жағдайларға көмегін тигізеді деп ойлаймыз. Арнайы өрт сөндіру көліктері жол талғамайтын ерекшелігімен сипатталады. Яғни қарда да, тасқын су, балшықта да жүре береді.
Сондай-ақ министр Бөрлі ауданының Ақбұлақ ауылындағы ерікті өрт сөндіру пунктінің ашылуына қатысты. Бұл жоба «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Бөлімше 2 мыңға жуық тұрғыны бар төрт ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00