Жамбыл облысындағы Жуалы ауданы 100 пайыз ауыз сумен қамтылды
Жамбыл облысындағы Жуалы ауданы 100 пайыз ауыз сумен қамтылды. Бұған дейін 2 мыңнан астам тұрғыны бар Күреңбел ауылдық округіне ғана тіршілік нәрі тартылмаған болатын. Енді 43 шақырым құбыр тартылып, 394 аула таза ауыз су жүйесіне қосылды. Ал былтыр аудандағы Түктібай, Ақтөбе, Қарасу, Көктас, Күркіреусу және Амансай ауылдарында су станциялары қайта жаңғыртылды. Осылайша Жуалыдағы жалпы саны 49 елді мекен тіршілік нәрімен толық қамтылды.
Айта кетейік, Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл аймаққа 14 млрд теңгеге
жуық қаржы бөлінген. Жыл соңына дейін тағы 14 ауылға су жүйесі тартылады.
Еркебай Нағашыбеков, Күреңбел ауылының тұрғыны:
Адам баласына ең керекті бірінші мәселе – ауыз су. Ауыз су мәселесі бізде қанша уақыттан бері айтылып келе жатқан еді. Міне, ашылып, елдің бәрі қуанышты. Сондай рахаттанып, мына жерде шауып жүрміз бәріміз!
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Суару маусымы аяқталуға жақын: Шаруаларға қанша көлемде су берілді?
12.09.2026, 17:51
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19