Маңғыстау облысында сапасыз жол үшін айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында сапасыз жол үшін айыппұл салынды

15.02.2023

Маңғыстау облысында жол құрылысында қолданылған битум сапасы техникалық талапқа сай болмай шықты. Мамандар республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарды тексеріп, 30-ға жуық сынама алған. Зерттеу кезінде асфальттің сынғыштығы және қыздырғанда жұмсарып, өзгеріске ұшырайтындығы анықталды.

Сондай-ақ Шетпе-Қызан автомобиль жолының бір учаскесі қайта жөнделді. Себебі су жаңа асфальт үгітіліп кеткен. Тексеру нәтижесінде жол құрылысына тиісті деңгейде бақылау жүргізілмегені анықталды. Сондықтан техникалық қадағалау мекемесінің сарапшысына 180 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Хамзат Сұлтанов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК филиал директоры:

«Тасмұрын-Мәстек» учаскесі бойынша жол инженерлері ақауларды анықтап, облыстық мемлекеттік сәулет және құрылыс бақылау басқармасына жүгінді. Расында да, бұл учаскеде тиісті деңгейде бақылау жүргізілмеген. Сондықтан техникалық байқаушыға әкімшілік хаттама толтырылды. Ал мердігер компания жолды өз қаржысына қайта жөндеп шықты.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу