Ұлытау облысы: Сапасыз құрылыс үшін айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау облысы: Сапасыз құрылыс үшін айыппұл салынды

29.06.2022

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында көпқабатты үйдің кірпішін цементсіз қалаған мердігерге айыппұл салынды. Нысанға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары тексеріс жүргізіп, бірнеше қатар кірпішті құр қалай салғанын анықтаған. Осыған байланысты "Нұрлы жер" бойынша салынып жатқан үй толық бұзылмайды. Тек кеткен олқылықтар қайта түзетіледі. Дегенмен құрылыс компаниясы жауапсыздығы үшін 400 айлық есептік көрсеткішінде айыппұл арқалады. Бұл шамамен 1 миллион 200 мың теңге. Сондай-ақ, жұмыс сапасын техникалық қадағалауға міндеттелген сараптама мекемесі жарты жылға лицензиясынан айырылып, 60 айлық есептік көрсеткішінде, яғни 180 мың теңге айыппұл салынды. Алдағы уақытта сол құрылыс компаниясы сапасыз атқарылған жұмыстарды қайта істейді. Алайда жұмысшылар тобын түгел жаңадан ауыстыруға міндеттелген.

Қайрат Қамзин, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:

Иә, анықталды. Сол үш ряд цементсіз салынған. Сол үшін мердігерге 400 МРП хаттама толтырылды. Сосын техникалық надзорға да біз айыппұл салдық, 60 МРП. Сонымен қатар оның аттестатын 6 айға тоқтаттық.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу