Ақтау тұрғындарына сапасыз медициналық қызмет көрсетілгендігі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау тұрғындарына сапасыз медициналық қызмет көрсетілгендігі анықталды

12.08.2020

Маңғыстау облысында тұрғындар тегін медициналық көмекті дұрыс ала алмаған. Тексеру жүргізген мамандар 21 мыңнан астам заңбұзушылықты анықтап, емдеу ұйымдарына жалпы сомасы 201 млн теңге айыппұл салды. Сарапшылар жыл басынан бері науқастарға стандартқа сай келмейтін медициналық көмек көрсетілгенін сонымен қатар, Дамумед ақпараттық жүйесіне жалған, көрсетілмеген көмектердің жазылғанын әшкереледі. Сондай 237 дерек анықталып, емдеу ұйымдарына 6 млн-нан астам айыппұл салынды. Әзірге өңірдегі 16 емхана тексерілді. Әлі бірнешеуінің жұмысы қаралады.

Руслан Бектубаев, Әлеуметтік Медициналық сақтандыру қорының облыстық филиал директоры:

Медициналық қызметтің дұрыс көлемін көретпей, қаралған жұмыс ақпараттық жүйеге енгізілмегені үшін біз мұндай көмекті сапасыз деп санаймыз.


Аягөз Оралбайқызы 

Хабарламаларға жазылу