Батыс Қазақстан облысындағы көлік жолдарының 70% ескірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысындағы көлік жолдарының 70% ескірген

25.11.2022

Батыс Қазақстан облысындағы көлік жолдарының жетпіс пайызы ескірген. Бұл республика бойынша ең төмен көрсеткіш. Күре жолды күтіп ұстау үшін жыл сайын 25 млрд теңге қажет. Ал дотациялық өңірде бұл қаражатты бөлуге жергілікті бюджеттің шамасы жетпейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені қолға алып, тез арада реттеуді тапсырған болатын. Қазір бұл жолдарды жөндеу үшін жоба дайындалып, мәжілістің қарауына берілді.

Егер қаржы қаралған жағдайда 2025 жылға дейін бұл облыстағы жолдың сапасы жақсарады. Бұл жайында Автомобиль жолдары комитетінің мамандары мәлімдеді. Сондай-ақ мұнда қаражаттан бөлек құрылыс материалдары жетіспейді. Қажетті материалдар жүздеген шақырымнан темір жол арқылы тасымалданады. Соңғы уақытта жол жөндеуде сапасыз құрылыс материалдарын пайдалану деректері көбейген. Бұған себеп техникалық қадағалау мекелерінің көз жұма қарауы.

Замир Сағынов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры:

81 техникалық қадағалау мекемелеріне айыппұл салынды. 56 аттестат тоқтатылды. 72 лицензия тоқтатылды. Оның төртеуі жаңағы мердігердің лицензиясы. 111 млн теңгеге айыппұл салынды. Сол қадағалайтын мекемелерге. Ол жұмыс әрі қарай жалғасатын болады.


Хабарламаларға жазылу