Маңғыстау облысында мектеп директорына айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында мектеп директорына айыппұл салынды

14.04.2022

Маңғыстау облысында мектеп басшысы бола тұра, кәсіпкерлікпен айналысқан директорға 400 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Әкімшілік жазаға тартылған директор Мұнайлы ауданындағы білім беру ұйымдарының бірін басқарады. Ол былтыр жаздан бері мемлекеттік кірістер басқармасында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Оның бизнеспен айналысқаны анықталды. Сот мұны заңсыз деп таныды.

Болат Пазылов, Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы: 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының 13-бабында көрсетілген анық түрде, мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғаға кәсіппен айналысуға тыйым салынған. 154-бабымен 200 АЕК көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айып жазасы тағайындалды.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу