Түркияда үйінді астынан тірі қалғандар табылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда үйінді астынан тірі қалғандар табылып жатыр

13.02.2023

Түркияда зілзаладан кейін бір апта уақыт өткенде қираған ғимараттар астынан әлі де аман қалғандар шығарылып жатыр. Мәселен, Адыяманда 4 жасар Мирай есімді қыз 178 сағат өткенде үйінді астында аман қалған. Ол ауруханаға жеткізілді.

Ал Хатай қаласында бүгін Наиде Умай есімді әйел құтқарылды. Ол жермен-жексен болған ғимарат астында 175 сағат бойы жатқан. Бұған дейін осы қалада құтқарушылар әкесі мен оның 11 жастағы қызын аман алып қалды.

Ал елдің оңтүстігінде Хамза есімді жеті айлық сәби қиранды астынан шығарылғаны көрсетілді. Осындай ғажайыптардан кейін әлі де тірі адамдар табылады деген үміт үзілген жоқ.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу