Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 16 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 16 мыңнан асты

09.02.2023

Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 16 мыңнан асты. Іздеу-құтқару жұмыстары төртінші күн жалғасып жатыр. Осыншама ұзақ уақыттан кейін де, таңғажайып оқиғалар болып жатыр, үйінді астынан аман қалғандар табылуда.

Дегенмен ауа райы суық болғандықтан, тірі қалғандарды аршып алу үміті минут санап азайып барады. Оның үстіне шағын дүмпулер әлі қайталанып жатыр. Онсыз да әрең тұрған ғимараттар құлауы мүмкін деген үрей бар. Елде құрылыс ережелерінің сақталмауына орай, наразылық күшейді. 2018 жылғы зілзаладан кейін талап қатаңдатылған еді. Алайда осы зілзала ғимараттардың ережеге сай салынбағанын тағы да көрсетті, дейді тұрғындар.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу