Түркияда 182 сағат өткенде 13 жастағы бала құтқарылды
Бұл - Түркияда зілзаладан 182 сағат өткенде үйінді астынан 13 жастағы баланы шығару сәті. Жасөспірім жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Ал Қаһраманмарашта құтқарушылар бір отбасының аман қалған үш мүшесін үйінділерден аршып алу үшін туннель қазды. Құтқарушылар олармен байланысқа шығып, үшеуі де қираған үйдің бір бөлмесінде қалғанын анықтаған. Су, тамақ болмаса да, анасы, әжесі мен сәби дін аман екен. Үшеуін де аман-есен құтқаруға сенім мол дейді құтқарушылар. Әзірге олардың тағдыры белгісіз. Ал дүйсенбіде қираған ғимараттардан 6 адам тірі шығарылған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚР ІІМ: Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты
15.03.2026, 19:17
Түркістан облысында референдумда жастар белсенділік танытты
15.03.2026, 19:12
Алматыда депутат Азат Перуашев дауыс берді
15.03.2026, 19:05
Дауыс беру учаскелерінің жабылуына 1 сағат қалды
15.03.2026, 19:05
Өңірде 2800 байқаушы референдум барысын бақылап отыр
15.03.2026, 19:00
Дауыс берудің аяқталуына 2 сағат қалды
15.03.2026, 18:28
Референдумға батыр кейпінде келіп дауыс берді
15.03.2026, 18:27
Ана мен бала қауіпсіздігі - басты назарда
15.03.2026, 18:26