Түркияға Солтүстік Кипрдан жарысқа барған балалар үйінді астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияға Солтүстік Кипрдан жарысқа барған балалар үйінді астында қалды

10.02.2023

Түркияға Солтүстік Кипрдан жарысқа барған балалар үйінді астында қалды. Топ құрамында 39 адам болған. Оның 23-і бала. Адыяман қаласына волейболдан жарысқа келген олар зілзала болған кезде қонақ үйде болған. Бұл туралы Кипрда тұрып жатқан журналист Салтанат Түгелбаева хабарлады.

Салтанат Түгелбаева, журналист:

Әзірге үйінді астында қалған 54 адам құтқарылды. Ал қаза тапқандардың есімі айтылып жатқан жоқ. Мүмкін ол жарысқа келген балалар, жаттықтырушылар болуы мүмкін. Қазір қонақ үй болған жерде 200 құтқарушы аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу