Мумбайда ғимарат құлап, 25 адам үйінді астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мумбайда ғимарат құлап, 25 адам үйінді астында қалды

31.08.2017

Үндістанның қаржы орталығы – Мумбайда бес қабатты ғимарат құлап, 7 адам қаза тапты. 13 тұрғын жараланып, 25-і үйінді астында қалып қойса керек. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл апатқа нөсер жауын себеп болған.

Мумбайда 100 жылдан астам уақыт бұрын салынған мыңдаған үй бар. Олардың іргетастары соңғы 15 жылда жиі жауған жаңбырдан әлсіреген.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу