АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында құйын көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында құйын көтерілді

20.07.2023

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында құйын көтерілді. Бірқатар нысанға зақым келді. Олардың ішінде фармацевтикалық Pfizer зауыты да бар. Ал автокөлік тұрағы үйінді астында қалған. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, апат кезінде жұмысшылардан ешкім зардап шеккен жоқ. Жалпы Солтүстік Каролинада сағатына 217 шақырым жылдамдықпен жүйіткіген құйыннан 4 адам зардап шеккен. Штатты басқа өңірлермен байланыстыратын магистраль уақытша жабылды.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу