Биыл талантты актер Юрий Померанцевтің туғанына – 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл талантты актер Юрий Померанцевтің туғанына – 100 жыл

09.02.2023

Биыл талантты актер, көрерменнің көзайымы болған Юрий Померанцевтің туғанына – 100 жыл. Өнер иесі қазақ театры мен киносының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Көрерменге «Біздің сүйікті дәрігер» фильмімен жақын танылған актер еңбек жолында 300-ден аса рөлді сомдады. Халық әртісінің бар ғұмыры театрмен байланысты. Осы салада 75 жыл тынбай еңбек етті. Оның 66 жылы Алматыдағы Лермонтов атындағы академиялық драма театрында өтті. 2018 жылдың мамыр айында Юрий Померанцевке ең жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Марқұмның шәкірттері «Өнер саласына аса жауапкершілікпен, тиянақтылықпен қарайтын жан еді», - деп еске алады. Актердің сахнадағы соңғы қойылымы «Грин мырзаға бару» спектаклі болды.

Сергей Попов, актер, Ю.Померанцевтің шәкірті:

Юрий Борисович ғажап адам еді. Мен өзімді бақытты актермын деп санаймын. Өйткені, ұстазымның арқасында актерлік шеберліктің қыр-сырын үйрендім. Ол өзі туралы: «Театр саласында білімім болмаса да, мен барлығын халықтан үйрендім, солардың арасынан шықтым» дейтін. Ұстазым соған қарамастан, тетарға қатысты теориялық ілімнің бәрін білетін.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу