Белгілі актер Әнуар Боранбаевтың туғанына биыл 70 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі актер Әнуар Боранбаевтың туғанына биыл 70 жыл толды

19.06.2018

Қазақ өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған белгілі актер Әнуар Боранбаевтың туғанына биыл 70 жыл толды. Осыған орай актердің туған жері Қостанай облысының Амангелді ауданында ауқымды мәдени іс-шара өтті. 

Әнуар Боранбаев жартығасырлық ғұмырында жүздеген рөлді сомдады. Оның шығармашылығы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрымен тығыз байланысты. Амангелді ауданына осы үлкен өнер ордасындағы Әнуар Боранбаевтың көзін көрген әріптестері мен бүгінгі ізбасарлары келді.

Жиналғандар актердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Дара тұлғаның өнегелі өмірі ғылыми-практикалық конференцияға арқау болды. Бұл басқосуда өнертанушылар оның өмірі мен өнері жайлы зерттеулерін көпшілік назарына ұсынды. Мәдени іс-шараның соңында театр ұжымы жергілікті тұрғындарға Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» қойылымын ұсынды. 

Қайсар Әлім, ҚР Жазушылар одағының мүшесі:

- Әнуар халқына талантымен дараланып еңбек ете білді. Амангелді ауданында Әнуардан үлгі алған тілашарлары болды. Олар Қапышев, Елтебаев, т.б. халық арасынан шыққан нағыз таланттар. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу