Халық әртісі Ыдырыс Ноғайбаевтың туғанына - 85 жыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық әртісі Ыдырыс Ноғайбаевтың туғанына - 85 жыл (ВИДЕО)

08.02.2016
Халық әртісі Ыдырыс Ноғайбаевтың туғанына - 85 жыл (ВИДЕО)

Биыл Халық әртісі, театр актері Ыдырыс Ноғайбаевтың туғанына - 85 жыл.

Жастайынан халқымыздың ән-күйі, салт-дәстүрімен сусындап өскен Ыдырыс Ноғайбаев 15 жасында Алматы көркемөнер училищесіне түскен. 50-ші жылдардың басында Мәскеуде А.В.Луначарский атындағы театр өнері институтында білім алған актер М.Әуезов атындағы драма театрға шақырылады.

Режиссер Гольдблат қойған Назым Хикметтің «Фархат-Шырын» спектакліндегі Фархат образы - сахнадағы алғашқы рөлдерінің бірі.

Актер өзіндік келбеті бар, тұлға боларлық кейіпкерлерді жарқын әрі нанымды беруге күш салды. «Айман- Шолпандағы» Көтібар, «Еңлік-Кебектегі» Есен, «Қарақыпшақ Қобыландыдағы» Қобыланды, «Абайдағы» Абай, «Қан мен тердегі» Қален - тынымсыз еңбекпен келген образдар.

Актердің әлемдік драматургиядан сомдаған рөлдер галереясы туралы толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу