Қазақстандық үш азамат Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық үш азамат Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кетті

07.02.2023

Қазақстандық үш азамат Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кетті. Жоғалып кеткен Мирболат Құрмашевтің бауыры Алматтың сөзінше, олар үш жылдан бері Түркияда тұрады. Өзінің ІТ стартаБы бар. Сол жақта жұмыс істейді. Зілзала болғаннан бір күн бұрын контент түсіру үшін Хатай қаласына барған.

Содан бері ағасымен байланыс үзілген. Жақындары мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ. Түркиядағы Қазақстанның елшілігіне де хабарланған. Бүгін түнде Алмат бастаған бірнеше ерікті қазақстандықтарды іздестіру үшін Түркияға ұшады.

АЛМАТ ҚҰРМАШЕВ, МИРБОЛАТТЫҢ ІНІСІ:

Ағаммен бірге Сабина Мамадиярова және Әділ Қадырбеков есімді. Ағаамның толық аты – Мирболат Құрмашев Амантайұлы. Барлығы оны Мирус деп біледі. Қасындағы төртінші кісі Түркияның азаматы. Барлығының телефондары өшіп тұр. Хабарласа алмай жатырмыз. 

Хабарламаларға жазылу