Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау 6 ақпанда басталады
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы биыл да жалғасатын болды. Тек жаңа қаражат құйылмайды. Бұрынғы қаражат қайта салынбақ. Бұл несиенің шарттары өзгерді ме? Талаптары қандай?
Серік Селеубайұлы, тілші:
Жеңілдетілген автонесиеге өтінішті 6 ақпаннан бастап беруге болады. Ол үшін арнайы платформаға тіркелу керек. Бірақ көлікке қолы жеткен азаматтар екі жылға дейін қайта өтінім бере алмайды. Бұл алыпсатарлық пен тапшылықты жою үшін қабылданған шара.
Бұл сайт - autonesie.kz деп аталады. Оны Өнеркәсіпті дамыту қоры жасаған. Өтініштерді қабылдау 6 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де басталады. Алғаш тіркелген 761 адам арнайы тізімге енеді. Шарттары мынадай.
Әди Ғалымжанов, Өнеркәсіпті дамыту қорының төрағасы:
Өтінім беру үшін азаматтардың интернет жүйесіне қосылған компьютері, электронды цифрлық қолтаңбасы болу керек. Және де бір мән-жай компьютерге міндетті түрде NCAlayer атты бағдарламаны енгізу қажет. Және де тек қана платформада ҚР аумағынан тіркелуге болады.
Өнеркәсіпті дамыту қоры өкілдерінің айтуынша, өтінім беруші бағдарлама шеңберінде бұрын автонесие алған болса немесе платформада өзекті өтінімі болған жағдайда өтінім қабылданбайды. Шарттары өзгермеген. Қаржыландыру сомасы 10 миллион теңгеден, мерзімі 7 жылдан аспайды. Бастапқы жарна қажет емес. Автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Ал машина жасаушылар қажетті көлікпен қамтуға дайынбыз деп отыр.
Дархан Айдауыл, Қазақстан автобизнес қауымдастығы стратегиялық даму басқармасының директоры:
Автокөлікті автоөндірушілер сәйкес моделдерімен, комплектацияларымен және түсімен қамтамасыз етуге дайын. Олар жөніндегі толық ақпаратты дилерлік орталықтан алуға болады.
Сөз жүзінде көлік те, сайт та сақадай сай. Іске келгенде қалай болатынын алтыншы ақпан көреміз.
Серік Селеубайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлы дала әндері Сербияда шырқалды
14.10.2025, 13:23

БҚО-да «Жайық жастары» бағдарламасымен үй алуға өтініш қабылдау басталады
14.10.2025, 13:19
Биыл 33 мыңдай жас маман еңбекпен қамтылады
14.10.2025, 13:16
Жыл басынан бері 600 мыңнан аса адам жұмысқа кірді
14.10.2025, 13:14
Көкшетауда мүгедектер арбасын құрастыратын болды
14.10.2025, 13:12
Өзбекстанда сиам егіздерін ажырату операциясы сәтті жасалды
14.10.2025, 13:10
ДСҰ әлем елдеріне жөтелге қарсы сироптың қауіптілігін ескертті
14.10.2025, 13:08
В.Зеленський жұма күні Д.Трамппен кездеседі
14.10.2025, 13:06