Украинада қарулы қақтығыста қираған көлік несиесі қайта қаралады
Украинада қарулы қақтығыс кезінде зақымданған жеңіл автокөліктердің несиесі қайта қаралатын болды. Бұл туралы арнайы заң Жоғарғы радада талқыланып, екінші оқылымда мақұлданды. Несиеге алынған көліктің қақтығыс салдарынан бүлінгені құжат бойынша дәлелденсе, қаржылық ұйым оның өтемақысын мемлекеттен алуға құқылы. Автокөлік нарығын зерттеу институтының мәліметі бойынша, соңғы бір жылда Украинада жарты млнға жуық көлік қираған.
Сергей Сличко, қоғамдық ұйым мүшесі:
Қарызды алып тастау үшін ең негізгі үш фактор бар. Біріншіден көлік қарулы қақтығыс жүріп жатқан аймақта қалып қойып, бүлінген болса, екіншіден қарыз алушының отбасында бұл көлік жалғыз болуы тиіс. Сондай-ақ қозғалтқыштың көлемі 2500 текше сантиметрден аспауы тиіс.
Аида Әбіл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17