Президент Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады

23.01.2023

Президент осы Қысқы Универсиадада табысты өнер көрсетіп, Қазақ елінің намысын қорғаған Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады. Командалардың биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

«Сіздердің жарқын жеңістеріңіз күллі жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйлады. Дүниежүзілік Қысқы Универсиадада шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігердің бірегей үлгісін көрсеттіңіздер. Құрама командамыздың Универсиада ойындарындағы тамаша өнері мыңдаған жасты жігерлендіріп, жеңістерге бастайтыны анық», – деп жазылған құттықтау хатта.    

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу