Боксшыларды Г.Головкин мен Д.Құдайберген өз парақшаларында құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боксшыларды Г.Головкин мен Д.Құдайберген өз парақшаларында құттықтады

15.05.2023

Ұлттық құраманың әлемдік додадағы толағай табыстары ел мерейін үстем етті. Танымал боксшы Геннадий Головкин, бокстан ұлттық құраманы Өзбекстанда өткен дүбірлі додадағы табысымен құттықтады. «Қазақстан құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша нәтижемен құттықтаймыз!» - деп жазды спортшы Instagram-парақшасында. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де, қазақ боксшыларының фотосуретін жариялап, жүлделерімен құттықтады. «Мен біздің спортшыларды 4 алтын және 1 күміс медальмен құттықтағым келеді», - деп жазды белгілі әнші.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу