Президент шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтады

12.09.2023

Мемлекет басшысы шахматтан Әлем чемпионатында күміс медальға ие болған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтады. Шахматтан Қазақстан құрамасын әйелдер арасындағы командалық Әлем чемпионатында тұңғыш рет күміс медальға ие болуымен құттықтаймын! Бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға. Мемлекет адамның ой-өрісін жетілдіретін бекзат өнерді дамытуға барынша қолдау көрсете береді. Еліміздегі кәсіби және әуесқой шахматшыларға тек жарқын жеңістер тілеймін! – деп жазды Президент өзінің Instagram парақшасында.


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу