Елбасы XVII Жазғы Азия ойындарына қатысқан спортшыларды құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы XVII Жазғы Азия ойындарына қатысқан спортшыларды құттықтады

07.10.2014
Елбасы XVII Жазғы Азия ойындарына қатысқан спортшыларды құттықтады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен XVII Жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғаған Қазақстан Ұлттық құрамасын құттықтады.

Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтың және жеке өз атынан спортшыларды құттықтап,  олар біздің құраманың спорттағы жеңістерінен мақтаныш сезіміне бөленетін миллиондаған отандасымыздың үмітін ақтағанын айтты.

«Азия құрлығының 45 елінің спортшыларымен болған қызу бәсекеде сіздер аса табандылық, шеберлік және жеңіске деген зор ерік-жігер көрсетіп, 84 медаль, соның ішінде 28 алтын медаль жеңіп алдыңыздар. Бұл – Қазақстанның Жазғы Азия ойындарына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже, жаңа рекорд», - делінген құттықтауда.

Сондай-ақ, Елбасы Ұлттық құраманың табысы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ Олимпиада ойындарындағы болашақ жеңістерімізге жолашар болатынын атап өткен. Мемлекет басшысы спортшыларға денсаулық және әрі қарай да жеңістер тіледі.

Хабарламаларға жазылу