Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч Қазақстанда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч Қазақстанда өтеді

20.01.2023

Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч Қазақстанда өтеді. 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында болатын ойында Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь өзара мықтыны анықтайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан шахмат федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов айтты. Ұйымдастырушылар бұған Алматыда блиц-шахмат бойынша жарыстың жоғары деңгейде өткені оң ықпалын тигізгенін айтады. Бұдан бөлек, шахматтан жасөспірімдер арасында да зор нәтижелер жетерлік. 40-тан аса бала Әлем және Азия чемпионаттарынан жүлдемен оралды. Бұл Қазақстанда балалар арасында Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының өтуіне де түрткі болмақ.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу