Қазақстанда шахмат үйретудің тиісті жүйесі енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда шахмат үйретудің тиісті жүйесі енгізілмек

01.02.2023

Халықаралық және Қазақстан шахмат федерациялары өзара ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде шахмат үйретудің тиісті жүйесін енгізу мәселелерін қарастырды. Тараптар жаңа әдістеме шахмат ойындарының дамуына жаңа серпін беретініне сенімді. FIDE басшылығы Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың өтуіне де жоғары баға берді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан шахмат федерациясы мен FIDE желісі бойынша екіжақты байланыстарды жандандыруға жәрдемдесуге келісті.

Ламбриан Топудизис


Хабарламаларға жазылу