Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады

20.01.2023

2004 жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады. Бұл 98 депутаттың 29-ы. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы сайлаудың басты он ерекшелігін жариялады. Ол үміткерлерге өзін өзі ұсынуға мүмкіндік туғаны, кезектен тыс сайлау болғанымен мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болғаны туралы жазған. Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 5 пайызға төмендетілді. Сонымен бірге 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттар бөлінісінде сақталады. Мемлекеттік кеңесші жаңа құрамда Ассамблея квотасы болмайтынын, алғаш рет бюллетенде «бәріне қарсымын» деген баған енгізілгенін еске салды. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Бұдан былай аймақтық сайлау комиссиялары кәсіби түрде жұмыс істейді. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді.

Ақерке Бектас



Хабарламаларға жазылу