Талдықорғандық эковолонтер қайырымдылық жасап жүр
Талдықорғандық эковолонтер тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудан тапқан қаржысын қайырымдылыққа жұмсап жүр. Ерікті 2 жыл бұрын қоқыс төгетін бірнеше ыдыс алған. Біріне қағаз қалдықтарын, екіншісіне пластикалық ыдыстарды, тағы біріне әртүрлі металл заттарды бөліп салуды әдетке айналдырған. Кейін осы қалдықтарды өңдеумен айналысатын кәсіпорын келіп сатып алып кетеді. Күніне екі-үш мың теңгеден түскеннің өзінде айына бір адамның қажетіне жарар қор жиналып қалады, дейді ерікті. Сондықтан мұндай дағдыны кеңселер мен мекемелерде, тамақтандыру орындарында қолға алса, қоршаған орта таза болып, көмекке зәру тұрғындардың кейбір мәселесін жылдам шешуге болар еді, деген пікірде.
Ғазиз Аманжолұлы, эковолонтер:
Егерде әрбіріміз экологияға кішкене болсын осындай бастамамен үлес қоссақ, біз таза ауада, экологиясы жақсы дамыған қоғамда өмір сүреміз. Сондай-ақ, қоқысты сұрыптау мәдениетіне келеміз деп ойлаймын.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16