Семейде байкерлер мен жол талғамайтын көліктер клубы мұқтаж жандарға көмектесуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде байкерлер мен жол талғамайтын көліктер клубы мұқтаж жандарға көмектесуде

29.04.2020

Елімізде еріктілер, кәсіпкерлер мен белсенді ұйымдар түрлі қайырымдылық шараларын үзбей өткізіп жатыр. Ең бастысы, мұқтаж жандарға көмек берілуде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өңір-өңірде «Рамазан шуағы» акциясын бастаса, Алматыда мұқтаж жандарға «BizBirgemiz» республикалық шарасы шеңберінде көмек көрестілуде. Ал Семейде бұл бастамына байкерлер қолдаған.

Семейде байкерлер мен жол талғамайтын көліктер клубы төтенше жағдай кезінде мұқтаж жандарға көмек көрсетуде. Байкерлер бір күнде 60 тан астам отбасына азық-түлік пен ең қажетті заттарды жеткізіп берген. Игі істен кәсіпкерлер де шет қалмады. Арнайы ашылған есепшотқа қаржы аударып жатқандар көп екенін айтады еріктілер.

Алматыда #BizBirgemiz республикалық акциясы аясында 2 мыңнан астам жанұя азық-түлік себеті және санитарлық қажетті заттармен қамтылды. Қайырымдылық шарасына қажет қаржыны кәсіпкерлер берген.

Ал Елордадағы мешіттер аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратып берді. Мұндай игі істі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Рамазан шуағы» қайырымдылық акциясы аясында өткізіп жатыр.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу