Ақтөбелік такси жүргізушілері жолаушыларды тегін тасыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік такси жүргізушілері жолаушыларды тегін тасыды

22.04.2024

Ақтөбелік такси жүргізушілері тасқын жүріп жатқан Ырғыз ауданының тұрғындарын тегін тасымалдады. Облыс орталығы мен ауданға дейінгі аралық 450 шақырым.

Оннан аса жігіт жолдың шалғайлығына қарамастан, бір күн тегін қызмет көрсетті. Әдетте бұл аралыққа жол ақысы тек бір бағыттың өзіне 5 мың теңге шамасында. Сондықтан қайырымдылық шарасы үлкен көмек болды дейді тұрғындар. Бұл такси жүргізушілері, бұған дейін де осындай игі істер жасап, елдің алғысына бөленіп жүрген еді. Өңірде тасқын басталған кезде, Ақтөбе қаласының ішінде де жолаушыларды тегін тасыды.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу