Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысты

16.01.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысып, колумбиялық Fundacion Bios Terrae мектебіне «Заид тұрақтылық сыйлығын» табыс етті. Global High Schools номинациясы бойынша жеңіске жеткен өрендер 3 миллион доллар жүлде қорын да алды. Бұл сыйлық денсаулық сақтау, азық-түлік, энергетика, суды үнемді пайдалану секілді санаттар бойынша инновациялық шешім ойлап тапқандарға беріледі. 2009 жылдан бері әлем бойынша 96 адам осы сыйлықтың иегері атанды. «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммиті климаттың өзгеру мәселелерін шешуге тың серпін беруді көздейді. Әлем елдерін ортақ іске жұмылдыруды, түрлі мәселені бірлесіп шешуге үндейді. Жиынға тағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Оңтүстік Корея Президенті, Әзербайжан, Ангола Президенттері, Мысыр Сыртқы істер министрі қатысты. Саммитке саясаткерлер, инвесторлар мен кәсіпкерлер де қатысты.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу