Биыл 1 миллиондай адам жұмыспен қамтылады - Тамара Дүйсенова
Биыл 1 миллиондай адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде айтылды. Ведомства басшысы Тамара Дүйсенова өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Тұрғындарды жұмыспен қамту ісін тиімді қылу үшін мамандарға қанша азаматты жұмысқа орналастырады, соған сай жалақы төлеу көзделген. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар балаларға арналған 12 оңалту орталығы салынады. Оның екеуі биыл пайдалануға беріледі деді министр. Ал базалық зейнетақы мөлшері алдағы бес жыл бойы біртіндеп өседі. Үкімет басшысы ең төменгі жалақы мөлшерін индексациалап, отбасының цифрлық картасын жетілдіруді тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Тарихи отанына көшуге ниет білдірген этникалық қазақтар үшін «бір терезе» қағидатын енгізу қажет. Оларға жүгінетін этникалық қазақтар кіру визасын ғана емес қандас мәртебесін беру жөнінде шешім туралы, қоныстану аумағы және жергілікті жерлерде берілетін мемлекеттік қолдау туралы ақпаратты алуы тиіс.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06