Алматыда ірі көтерме сауда нысаны «Арлан» базарынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ірі көтерме сауда нысаны «Арлан» базарынан өрт шықты

09.01.2023

Алматыда ірі көтерме сауда нысандарының бірі – «Арлан» базарының аумағынан өрт шықты. Қызыл жалын кешкі 17:00 шамасында тұтанған. Базар аумағында 100 шаршы метр контейнерлер жанған. Оқиға орнына 60-тан астам маман, қалалық өзара іс-қимыл қызметі 16 бірлік техникамен дереу жеткен. Өртті сөндіруге, маңайдағы контейнерлерді қорғауға арналған құралдар енгізілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 1,5 сағатта қызыл жалын толық өшірілді.

Хабарламаларға жазылу