Алматыда базар өртенді: Құрылыс заттары жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда базар өртенді: Құрылыс заттары жанып кетті

04.07.2022

Алматыдағы «БақОрда» базарынан өрт шықты. Оқиға демалыс күндері болған. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, базар аумағында орналасқан құрылыс заттарын сататын сауда орны отқа оранған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, шатыр астына қатарлап кесілген ағаш материалдар жанып жатқан. Тілсіз жаудың «Бақорда» сауда орталығына таралу қаупі туындаған. Өртті сөндіруге жедел штаб кірісіп, үйінділерді алып тастау үшін, құтқару қызметінің ауыр-шынжыр табанды техникасы тартылған. Жалпы ауданы 2 мың шаршы метрді шарпыған өрт таңға қарай толығымен сөндірілді. Отты ауыздықтауға 21 бірлік техника мен жеке құрамнан 64 адам жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу