Алматыда ірі көтерме сауда базарларының бірінен өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ірі көтерме сауда базарларының бірінен өрт шықты

11.11.2022

Алматыда ірі көтерме сауда базарларының бірінен өрт шықты. Қызыл жалын тауарлар тұрған қоймаларда тұтанған. 

Жазира Оразқызы, тілші:

Өрт сағат 11-лерде басталған. Кептеліске қарамастан, алғашқы бригада 8 минутта жетті. Өрт сөндірушілер барғанда контейнер жанып, айнала қою түтін болған. Күштер мен құралдар дереу өртті сөндіруге кірісті, өрт саптамаларын, газ және түтіннен қорғау қондырғыларын әкелді. Қызмет адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынды.


Хабарламаларға жазылу