Алматыда «Барахолка» базарынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Барахолка» базарынан өрт шықты

30.12.2021

Алматыда «Барахолка» базарынан өрт шықты. Абырой болғанда тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды.

Төтенше қызметтің хабарлауынша екі сауда контейнері жанып кеткен. Ішінде тауары бар жапсарлас тағы бір дүңгіршек жалынның қызуынан бүлінген. Қою түтін қаланың әр бұрышынан көрінді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Алматы Барахолка

Хабарламаларға жазылу