Алматыдағы көтерме сауда кешенінде өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы көтерме сауда кешенінде өрт шықты

04.02.2014
Алматыдағы көтерме сауда кешенінде өрт шықты
Кеше кешкісін Алматы қаласындағы Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында орналасқан ірі көтерме сауда кешеніндегі «Жұлдыз»  базары өртке оранды.
 
Құрылыс жүргізіліп жатқан қойма павильонынан  шыққан өрт 80 шаршы  метр аумақты шарпыған. Соның салдарынан 10 сауда контейнері жанып кетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына кінәлілер мен шығын есептелуде. 
 
Виктор Александрович, қалалық өрт сөндіру қызметінің жетекшісі:
Өрттен жапа шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 15 негізгі, 5 арнайы техника және жеке құрамның 60 адамы жұмылдырылды. Осы жедел әрекет нәтижесінде сағат 18.30-да өрт оқшауланды, сағат 7-ден аса толықтай өшірілді.
 
Роза Оңалбаева, кәсіпкер:
Күзетшілер оқиға кезінде қайда қараған?! Электрик те өрт шыққан кезде жанында тұрған. Өзіміз өшіреміз, ештеңе етпейді деген. 15-20 минуттың ішінде өртке оранды. Барлық заттар, құжаттарымыз жанып кетті. Айтқан талаптарын орындап, салықты уақытында төлеп отырмыз. Қыста сауда да дұрыс жүрмейді.
 
Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу