Алматыда «Кенжехан» базарынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Кенжехан» базарынан өрт шықты

16.04.2014
Алматыда «Кенжехан» базарынан өрт шықты
Алматы қаласының Алатау ауданы Северное кольцо көшесінің бойындағы «Кенжехан»базарында  өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Қос қабатты металл контейнерінен шыққан жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы мен жеке құрамнан 24 адам жұмылдырылды.
 
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Хабарламаларға жазылу