Балағат сөз айтқандар 30 тәулікке қамалады
Қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға салынатын айыппұл 4 есе ұлғаяды. Жаңа түзетулерге сәйкес, енді дөрекі сөйлегендер 69 000 мың теңге төлейді. Мұндай әрекет ұсақ бұзақылық ретінде танылып, 30 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жазалануы да мүмкін.
Бұл жайлы апталық баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті басқармасы бастығының орынбасары Азамат Күрімбаев айтты. Түзету жаңа кодекс ресми түрде жарияланған соң 60 күннен кейін, яғни Наурыз айында күшіне енеді.
Азамат Құрымбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары:
Жаңа түзетуге сәйкес - қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау, ғимараттарды бүлдіру, қоғамдық тәртіпті бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып саналады. Бүгінге дейін 17 мың теңгеден сәл астам айыппұл салынатын немесе 15 тәулікке қамалатын. Жаңа редакция бойынша 69 мың теңге айыппұл салынады немесе 5 тәуліктен 30 тәулікке дейін қамауға алынатын болады.
Дархан Рахымжан
Автор
Дархан Рахымжан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шардаралықтар көшелер мен арықтарды тазартты
12.06.2026, 17:38
Ақтөбеде «Jasyl cross – 2026» шарасы өтті
12.06.2026, 17:37
Алматыда инклюзиялық IT шешімдер байқауы басталды
12.06.2026, 17:35
Жоғары білімнің жаһандық мүмкіндіктері талқыланды
12.06.2026, 17:33
ЕҰУ-де Алтын Орда өркениеті кафедрасы ашылады
12.06.2026, 17:30
Сенат төрағасы университет түлектеріне диплом табыстады
12.06.2026, 17:27
Ақмола облысында 2 мыңнан аса операция жасаған зейнеткер хирургке әлі сұраныс бар
12.06.2026, 17:22
Ақмола облысының 5 ауданына 5 мың қаз таратылды
12.06.2026, 17:20