Елде 291 мыңнан аса оқушы үш ауысымды мектепте оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 291 мыңнан аса оқушы үш ауысымды мектепте оқиды

05.01.2023

Оқушыларға мектепте орын тапшылығы әлі де өзекті мәселе. Ұлттық статистика бюросының дерегіне қарағанда, елде 291 мыңнан аса оқушы үш ауысымды мектепте оқиды. Қазақстанда қазір 7600 мектеп бар. Оның 5300-і ауылда орналасқан. Елдімекендердегі мектептерге 1,5 млн оқушы барады. Ренгинг агенттігінің мәліметінше, үш ауысымды мектептер мәселесі Алматы қаласы, Маңғыстау, Атырау, Түркістан облысында өткір тұр. Оқу-ағарту министрлігі мектептерді көбейту үшін «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 2025 жылға дейін 800 мың оқушыға арналған нысан салынатынын хабарлаған. Бұл іске 2 трлн 600 млрд теңге қарастырылғаны да айтылды. Қаржы Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен кезең-кезеңімен бөлінеді. Жалпы үш жылда елде 1,5 миллионға жуық бала дүниеге келген. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу