Толассыз жауған қар елорда көшелерін де басып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Толассыз жауған қар елорда көшелерін де басып қалды

04.01.2023

Толассыз жауған қар елорда көшелерін де басып қалды. Қазір шахарда қар тазарлау жұмыстары қызу жүріп жатыр. 24 сағаттық жұмыс режиміне көшкен коммуналдық қызмет өкілдері өткен түннен бері 37 мың текше метр қар шығарған. Бұл жұмысқа 2 мыңға тарта адам жұмылдырылды. Мыңнан астам техника тартылған. Олар ең бірінші кезекте көпшілік жүретін жолдарды тазалауға күш салып жатыр.

Рақымберді Әмірханов, жұмысшы:

Елдердің жүрісіне кедергі келтірмейтіндей жолдарды ашу керек. Баспалдақты тазалау керек. Кейінгі екі-үш күнде қар өте көп түсті. Мынаның бәріне қолмен үлгере алмайсың, трактор бірге тазаласпаса өте ауыр жұмыс. Бір жағынан жел, бір жағынан қарды үйіп тастап жатыр қарды.

Қатты бұрқасын салдарынан ұшақтардың кестесіне де өзгеріс енгізілді. Астана халықаралық әуежайына ұшып келеді деп жоспарланған 26 рейс кешігіп жатыр. Сондай ақ ұшып кетуі тиіс 14 әуе рейсі кейінге шегерілді. Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнда әуежайдың ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу