Алматы көшелерін қардан тазарту жұмыстары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы көшелерін қардан тазарту жұмыстары жалғасуда

13.12.2023

Алматы көшелерін қардан тазарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Әзірге мың текше метрден аса қар шығарылған. Бұл жұмыстарыға 325 арнайы техника, мыңнан аса жұмысшы жұмылдырылған. Тәулік бойы толассыз жауған қар соңы көктайғаққа ұласты. Осының кесірінен 45 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 8 адам жарақат алған. Ал 25 жүргінші тайып құлаған. Синоптиктер алдағы күндері ауа райы температурасы -27 градусқа дейін төмендейтінін ескерті. Қала полициясы тұрғындарға, әсіресе көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу