Көкшетау көшелерін қалың қар басып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетау көшелерін қалың қар басып қалды

23.10.2015
Көкшетау көшелерін қалың қар басып қалды
Солтүстік өңірге алғаш түскен қар көпшілікті әбігерге салды.

Көкшетауда бір тәулікте айлық мөлшерден көп қар жауған. Күннің күрт құбылуынан облыс аумағында жол - көлік оқиғасы жиілеп, одан зардап шеккендер де көбейіп кетті.

Табиғаттың тосын мінезіне коммуналдық қызметтер дайын болмай шыққан. Аяқтарын алып жүре алмаған халық пен көлік тізгіндегендер көшедегі ахуалды тиісті органдардың немқұрайлы әрекеті деп отыр.

Қорғанбек ҚОНЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу