Конституциялық соттың судьялары тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституциялық соттың судьялары тағайындалды

30.12.2022

Конституциялық соттың тағы 3 судьясы тағайындалды. Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары ұсынылған кандидаттарды қолдады. Олар - Қанат Мусин, Еркін Оңғарбаев және Сергей Ударцев. Құқық саласында ұзақ жыл еңбек еткен білікті мамандар.

Конституциялық соттың судьялары келер жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметіне кіріседі. Еркін Оңғарбаев ғалым, заң ғылымдарының докторы, конституциялық реформа бойынша жұмыс тобының мүшесі.

Сергей Ударцев те белгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы. Ғылыми зерттеу институтының директоры. Ал Қанат Мусин құқықтық қорғау, әділет органдарында көп жыл еңбек етті, Мәжіліс депутаты, комитет төрағасы болды. Бүгін ол Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділет министрі лауазымынан босатылды.

Қанат Мусин, ҚР Конституциялық сотының судьясы:

Бүгін білдірген сенім үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен жаңадан құрылған Конституциялық сот лауазымына өзімнің бар күш-жігерімді саламын. Бұл мен үшін үлкен абырой.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу