Басты Жаңалықтар Енді 14 жастан бастап жұмыс істеуге болады

Енді 14 жастан бастап жұмыс істеуге болады

Жаз мезгілінде 14 жасқа толған оқушылар жұмыс істей алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері жасөспірімдерге қалай жұмыс табуға болатынын түсіндірді. Enbek.kz порталынан «Менің жазғы каникулым» бөлімі арқылы оқушыларға арналған бос жұмыс орындарын таба алады. Оларға театр, кино, цирк сияқты шығармашылық салаларда жұмыс ұсынылады. Сондай-ақ сауда, тамақтану және SMM, маркетинг секілді digital бағыттары бар. Айта кететін жәйт, кәмелет жасына толмағандар тек жеңіл жұмыспен қамтылады. Материалдық жауапкершілік жүктелетін қызметтерге қабылдауға болмайды. Заң бойынша 14-16 жас аралығындағы балалар аптасына 24 сағат жұмыс істей алады. Яғни күніне 4,5 сағаттан аспауы керек. Ал 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің аптасына 36 сағат жұмыс істеуіне рұқсат. Сондай-ақ 14 жаста еңбек шартына жасөспірімнің өзі ғана емес, ата-анасы да қол қоюы міндетті. 15 жаста негізгі орта білім алған жасөспірімдер ресми жұмыс істей алады. 16 жастан бастап еңбек шартын өз бетінше жасауға құқық беріледі. Жалақы көлемі 85 мың мен 127 мың теңге көлемінде. Министрлік жұмыс іздеу кезінде сақ болуға шақырады. Еңбек шарты міндетті түрде жасалғанын талап етеді. Егер шарт жүйеде тіркелсе, жасөспірімнің еңбек өтілі ресми есептеліп, құқығы заңмен қорғалады.


Бөлісу