Қамысты ауданында 2 мыңға жуық малға екпе тек қағаз жүзінде салынған
Қостанай облысының Қамысты ауданында 2 мыңға жуық малға екпе тек қағаз жүзінде салынған.
Заңсыздықты аудандық прокуратура қызметкерлері тексеріс барысында анықтады. Сондай-ақ есепте 537 мал басы артық көрсетілген. Бұдан бөлек төлдерді вакциналау мерзімі мен екпе дозасына байланысты да заңбұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде 8 лауазымды қызметкер әкімшілік жазаға, 12 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Нұрсұлу Пряхина, облыстық прокуратураның ресми өкілі:
1910 бас малға екпе салынды деп жалған ақпарат берілген. 20 мыңнан астам доза малға арналған дәрілерді сақтау және тасымалдау нормалары бұзылған. Мемлекетке келген 744 мың теңге шығын қайтарылды.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21