Таразда тазалық талаптарын бұзған 400 адам жазаланды
Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық талаптарын бұзған азаматтарды анықталды. Жыл басынан бері айналаның тазалығына нұқсан келтіріп, немқұрайлы қарған 400 адам жазаланған.
Оларды орталық көшелер мен шаһардағы шағын аудандарғы бейнебақылау жүйесінің көмегімен анықтаған. Тәртіпті елмегендердің басым бөлігі көшеде кетіп бара жатып сусынның қалбыры мен темекі тұқылын тастаған. Қоқыс қалдықтарын жол жиегіне қалдырып кеткен. Бұл әрекеттердің барлығы қоғамдық орынды ластау болып саналатындықтан ескерту немесе әкімшілік айыппұл салынады. Айта кетейік, аймақта «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі жұмыс істейді. Тұрғындар телеграмм-бот арқылы тазаланбаған орындарды хабарлап, хат жаза алады. Жыл басынан жалпы 371 өтінім түсіп, барлығы шешімін тапқан.
Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық талаптарын бұзған азаматтарды анықтау жұмыстары қазіргі таңда күшейтіліп отыр. Облыс аумағында бейнебақылау камералары арқылы осындай құқықбұзушылықтар күн сайын анықталып жатыр. Құқықбұзушыларға тиісті шара қолданылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы